Келер маусымға дайындығын Түркияда пысықтап жатқан «Ақжайық» футбол клубының оқу-жаттығу кезіндегі қарсыластары белгілі болды.
Алғашқы жолдастық кездесуін алдағы сейсенбіге жоспарлаған олардың қарсыласы Сербия Супер Лигасында өнер көрсететін «Спартак» командасы. Кейін ақпанның бірі күні Болгария бірінші Лигасының өкілі, Враца қаласының «Ботев » клубымен кездесетін болса, ақпанның бесі күні өзбек Супер Лигасында ойнайтын «Металлургпен», сегізінші ақпанда Ресей Екінші Лигасының командасы «Урожай» клубымен ойнайтын болады.
Ал, оқу-жаттығу жиынындағы қорытынды матчын оралдық клуб ақпанның он бірінде тағы бір өзбекстандық клуб «Андижанға» қарсы өткізеді.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер