9.11.2023, 15:01
Оқылды: 30

«Ақжол» газеті қалай шықты?

Қазақ елінің қоғамдық-саяси оянуы мен мәдени-ағарту ісінің дамуына әсер еткен газеттірдің бірі - «Ақжол» газеті.

калам

Алғашында Ташкентте «Жаңа өріс» деген атаумен шығып, кейін 1920-1925 жылдары Түркістан Компартиясы Орталық Комитеті мен Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасы органының ұйымдастыруымен таралады.

Ал 1925-1926 жылдары Шымкент және Сырдария губкомының органдары атынан жарияланып тұрады. Газеттің «Ақ жол» атануы турасында Сұлтанбек Қожанов: «Ақ жол» - біздің ақ батамыз, ақ жүрегіміз, ақ көңіліміз екенін қазақ-қырғыз жұрты ақылымен біліп, жүрегімен сезеді» деп жазды.

«Ақ жол» газетін ұйымдастыруда және басшылық жасауда ұлт қайраткерлері С.Қожанов, Н.Төреқұлов, С.Оспанов, И.Тоқтыбаев әжне тағы басқасы аянбай еңбек етті. Сондай-ақ газеттің мазмұнын байытуда қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, І.Жансүгіров, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы үлестерін қосты.

Алайда кейбір шолақ белсенділер газет неге ««Қызыл жол» емес, неге «Ақ жол» әлде жолдарың басқа ма?» деген, сыңар езу, қисық пікірлерімен газеттің одан әрі өмір сүруіне кедергі жасайды.

Сондай-ақ «Ақ жол» газеті мен «ақгвардияшыл эмигрант» Мұстафа Шоқай арасындағы идеялық бірлікті алға тартқандар да болды. Оның соңы ұлт зиялыларының қудалануы мен газеттің жабылуына себеп болады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале