Жетісу облысы Ақши ауылында төрт жас адам, олардың біреуі кәмелетке толмаған, катамаранмен жүзіп жүріп жағадан алыстап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ҚазАқпарат
Желмен көтерілген толқын катамаранды судың ортасына апарып тастаған. Бұл туралы ақпарат облыстық ТЖД кезекші пультіне 1 тамыз күні таңғы сағат 5:15-те түседі.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына дереу Жетісу облысы ТЖД Алакөл өңірлік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.
Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, демалушылар сағат 5:40-та жағадан 1,5 шақырым қашықтықта табылып, жағаға жеткізілді.
Құтқарылғандарға судағы қауіпсіздік және құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию қажеттігі түсіндірілді.