20.12.2023, 17:45
Оқылды: 69

 Алаштың тұңғыш құрбаны кім?

ХХ ғасырдың басында елдік пен теңдік жолында білімі мен білігін, еңбегі мен ерлігін ерекше көрсеткендер басында Алаш қайраткерлерінің тұрғаны белгілі.

жп дала

Солардың бірі қатардағы Алаш әскерінің сарбазы Қазы Нұрмұхамедұлының болғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз.

1917 жылы Семейде «Алаш» атты әскер құрылымына басшы болып тағайындалған Қазы Нұрмұхамедұлы Алаш сарбаздарын жаттықтырып жүрген кезінде жасырын келген қызыл әскер солдатының оғынан қаза табады.

Кешегі кеңес пен Алаш арпалысында қызылдар қолынан қапыда қаза тапқан Қазы Нұрмұхамедұлы 1918 жылдың 7 наурызында Алаш үшін жанын қиған тұңғыш құрбаны ретінде ерекше құрметпен жерленеді.

Оның қаралы жинына қатысқан Алаш қайраткерлері М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Р. Мәрсеков М. Малдыбаев, Ш. Құдайбергенұлы және Жанғали қажы тағы басқалар сөз сөйлеп, ер қазасын қасиетті өлім деп бағалайды.

Сол қаралы митингіде Қазы Нұрмұхамедовпен семинарияда бірге оқыған досы Жүсіпбек Аймауытов сөз сөйлеп: «Талаптандың талпындың, оқып қатарға кірдік. Ұлтың үшін туып, ұлтың үшін өлдің. Қош бол, бауырым, жолдасым» деп жоқтау айтады.

Кейін белгілі қазақ ақыны Сәбит Дөнентаев Қазы Нұрмұхамедұлы рухына арнап «Алаштың алғашқы құрбаны» деген өлеңін арнайды.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале