5.04.2026, 16:30
Оқылды: 59

Алаяқтар халықты сотқа қатысу туралы жалған хабарлама арқылы алдай бастады – полиция

Абай облысының полицейлері алаяқтардың «сотқа қатысу туралы» жалған хабарламалар мен сілтемелер таратып жатқанын ескертті.

Полиция ЖП (жаңа фото)
Алаяқтар азаматтарға мессенджерлер, SMS немесе электронды пошта арқылы хабарласып, өздерін сот немесе басқа да мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырады.

- Хабарламада «сіз сот отырысына қатысуыңыз керек. Келмеген жағдайда айыппұл арқалайсыз. Егер жағдайды сотқа дейін шешемін десеңіз берілген номер арқылы хабарласыңыз» деген мазмұнда ақпарат беріліп, арнайы сілтемеге өтуді сұрайды. Аталған сілтемелер жалған сайттарға апарады, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Бұл сайттар ресми порталдарға ұқсас етіп жасалған. Онда пайдаланушыдан жеке деректерін, соның ішінде ЖСН, банк картасының мәліметтері мен SMS-кодтарды енгізу талап етіледі.

- Мұндай ақпаратты енгізу алаяқтарға сіздің қаржыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан алаяқтардың бұл айласына алданып қалмаңыз. Мемлекеттік органдар күмәнді сілтемелер жібермейді. Сотқа шақыру ресми түрде ғана жеткізіледі, - делінген ақпаратта.

Дереккөз:ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале