Мақсот Берген есімі облысқа жақсы таныс. Осы биыл, нақтырақ айтсақ, наурыз айында облысымыздың ақсақалдары оны өздеріне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп сайлады. Ақ Жайықтай айтулы өңірдің ақсақалдарының алдында жүру оңай шаруа емес. Жауапкершілік, міндет, шаруа дегендеріңіз бастан асады. Оралдағы «Мақсат» колледжінің бірінші басшысы болып қызмет атқаратын 74 жастағы Мақсот Қабашұлының әр минуты санаулы. Біздің осынау кездесуіміз бен әңгімеміз көптен бері ойластырылған еді. Бірақ облыстық ұйымның қамытын киген бойда ағамыздың оған мұршасы да уақыты да табылмады. Өйткені біраз жылдардан бері қордаланған мәселелер мен тез шешілуін күтіп жатқан жұмыстар жаңа төрағаны тырп етуге мүмкіндік бермеді. Әйтеуір, үш ай дегенде сәті түсті.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №49 санындағы танымал журналист Есенжол Қыстаубаевтың «Алажіптен аттамаған ақсақалдар ымыраласып кетуге, сыбайласып жеуге жол бермейді» атты мақаласынан оқыңыз, оқырман!
zhaikpress.kz