Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды. Тиісті заңды қабылдаған ел билігі әлеуметтік желінің балалардың тәртібі мен психикасына кері әсері барын алға тартады. Бұл туралы 24.kz жазды.

Сурет: pexels.com
Бұл шешімді шығару өткен айда мектепте орын алған тәртіпсіздіктен кейін қолға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, TikTok арқылы оқушылар жанжалдасып, оның арты мектептегі төбелеске айналған. Соның салдарынан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған.
Осыдан кейін жергілікті билік TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.