Оған 8 трлн теңге қажет. Мәжілістегі Үкімет сағатында еліміздің көлік-транзит мәселесі талқыланып жатыр, деп жазды Ұлттық арна.

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев 2029 жылға қарай транзиттік тасымал өсетінін айтты.
– 2029 жылға қарай көліктік инфрақұрылымның дамуы есебінен транзиттік тасымал айтарлықтай өседі деген болжам бар. Атап айтқанда, теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымалдарды 65%-ға ұлғайту, контейнерлік тасымалдарды 54%-ға арттырып, 2 млн контейнерге жеткізіледі деген болжам бар, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.