8.07.2022, 12:15
Оқылды: 22

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет мамандары 9, 10 және 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_07_08_624c89a7cacd2827159230

Сурет: Egemen.kz

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

«Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыста +30, +38 градус, оңтүстік-батыста +30, +41 градус, солтүстік-батыста +22, +33 градус, солтүстікте, орталықта +22, +30 градус, шығыста ауа температурасы + 17, +25 градустан +23, +31 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20, +29 градустан +23, +32 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанған, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27, +35 градус болады деп күтіледі», делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале