16.09.2025, 0:00
Оқылды: 72

Алдағы күндері еліміздің біраз өңірінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері еліміздің біраз өңірінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Погода жп

Ауа райы

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер айқындайды – найзағаймен бірге жаңбыр жауады. 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, кезеңнің соңында республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Температура

Ауа температурасы: елдің батысында түнде 5-16° жылы, күндіз 18-28° жылы, солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың солтүстігінде 1° үсік, күндіз 15-23° жылы. Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-23° жылы. Орталықта түнде 2-11° жылы, күндіз 10-20° жылы. Шығыста температураның көтерілуі күтіледі: түнде 1-6° жылы, солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-20° жылы. Елдің оңтүстігінде түнде 8-18° жылы, күндіз 15-25° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 10-18° жылы, күндіз 15-25° жылы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале