4.07.2024, 17:45
Оқылды: 253

Алдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Елорда күніне байланысты 6 шілдеде еліміздегі орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні яғни, 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

9362D43A-A215-46B4-A0C9-81ED03B91DA4

Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGov mobile» қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болады.

Кезекші орталықтардың мекенжайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп, таныса аласыз. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале