9.01.2023, 15:45
Оқылды: 91

Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін арктикалық суық сақталады

Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжып жатыр. Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде қатты аяз сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады.

Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін ауысады.

Орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін суытады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале