13.12.2021, 12:10
Оқылды: 40

Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

35

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады.

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды — жауын-шашын, көктайғақ болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале