«Қазгидромет» РМК 31 мамыр – 2 маусым күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мамырдың соңғы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір үстіндегі циклон ықпалында болады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста қатты нөсер, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді. Алайда, 1 мамыр күні Қазақстанның батысына Солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытта ығысып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне ықпал етеді. 1-2 маусымда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта топырақтың беткі қабатында 2 градусқа дейін үсік болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.