12.01.2024, 10:16
Оқылды: 62

Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

"Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 25, осы жарыстың 4-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен шеберлік байқасты", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
aleksandr_bublik_ade_1704962383
фото: ktf.kz

Бірінші партияда Бублик қарсыласынан басым болды – 6:3. Екінші сет барысында италиялық спортшы алға кеткенімен, Александр таразы басын теңестіре алды. Бірақ тай-брейкте жиірек қателесті – 6:7 (4:7). Тартысқа толы үшінші партияда Александрдың мерейі үстем болды. Ол Музеттиді 7:5 есебімен қапы қалдырды.2 сағат 35 минутқа созылған теннис додасында Бублик 17 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін құр жібермеді.

Отандасымыз финалға шығу үшін әлемнің 14, доданың 1-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 62-сатыдағы ұлыбританиялық Джек Дрейпердің қай жеңгенімен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале