21.02.2024, 9:45
Оқылды: 5

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рекордық көрсеткішке қол жеткізді.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

aleksandr_bublik_ale_1708402095

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші 23-тен 21-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингідегі ең үздік нәтижесі.

Сондай-ақ Александр Шевченко 57-ден бірден 45-ке шықты.

Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 231-ден 163-ке жоғарылап, еліміздің үшінші ракеткасы атанды.

Денис Евсеев 178-ден 179-ға, Бейбіт Жұқаев 189-дан 192-ге, Тимофей Скатов 276-дан 277-ге сырғыды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале