31.07.2023, 14:30
Оқылды: 6

Александр Бублик әлемдік рейтингте алғаш рет ТОП-25-ке кірді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230731-WA0054

Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Қазақстанның үздік теннисшісі 26-дан 25-орынға көтерілді.

Бұл – оның әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Жалпы, қазақстандық теннисшілер рейтингте өз көрсеткіштерін жақсарта алды.

Тимофей Скатов 136-дан 131-ге, Михаил Кукушкин 229-дан 227-ге, Бейбіт Жұқаев 270-тен 258-ге, Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанған Денис Евсеев 412-ден бірден 340-қа, Дмитрий Попко 375-тен 370-ке жоғарылады.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-орнын сақтап қалса, Андрей Голубев 82-ден 83-ке сырғыды.

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 3-сатыда қалса, Юлия Путинцева 58-ден 60-қа төмендеді.

Е.Рыбакина осы аптада ешқандай жарысқа қатыспайды. Әлемдік рейтингте 4-орында тұрған америкалық Джессика Пегула өзі бірінші ракетка болып тіркелген Вашингтон WTA 500 жарысында ширек финалға өтсе, қазақстандық теннисшіні ығыстырып, үздік үштікке қайта енеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Президент кубогы челленджер турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик жұптық сында Вашингтондағы негізгі турнирге өтті.

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германиядағы жарыста үздік шықты.

Бейбіт Жұқаев Мексикада негізгі турнирге жолдама алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале