Қарсыласынан бір жас кішілігі бар Бублик бұдан екі жыл бұрын осы Монпелье, өткен жылы Антверпен және Галле жарыстарының чемпионы атанған болатын. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 5:7. Есесіне екінші сетті қос брейкпен өз пайдасына жазды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда Бублик тағы да брейкпен алда болды – 2:0. Осы қарқынынан ақыры танған жоқ – 6:3.Осылайша, Александр Бублик Монпельеде екінші рет чемпион атанып отыр.