Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен шеберлік байқасты.
Александр Бублик қос тай-брейкте 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен басым түсті.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингте 17-орындағы болгариялық Григор Димитровтың біреуімен кездеседі.