15.01.2026, 0:00
Оқылды: 51

Александра Скороходова тау шаңғы спортынан Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_6469

Отандасымыз алып слалом сайысында алтын медаль иеленді.

Екінші орынды канадалық Симона Сент-Пьер алса, қола жүлде АҚШ спортшысы Ноэль Ротқа бұйырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале