Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы айта келе қиын кезеңнің артта қалғанын мәлімдеді.
«Қиын кезең артта қалды десек артық айтқанымыз емес. Ең алдымен еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайын. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгін де коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған елу екі мың төсек орын бар.
«Әрине бұл нәтижелер мемлекет тарапынан қолданған іс шараларын қоғам дұрыс түсініп қабылдауының арқасы», - деді ол.
zhaikpress.kz