Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асқан.
«Олардың 1700-і – балалар. Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы жыл сайын жұқтырылған респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін», - деді министр Үкімет отырысында.
zhaikpress.kz