Astana Qazaqstan Team командасының өкілі Алексей Луценко "Тур де Франс" суперкүндігінің 11-ші кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz.
Қазақстандық спортшы сегізінші орында мәреге жетті. Бұл жетістік оған жарыстың жалпы есебінде көтерілуге мүмкіндік берді. Қазір Луценко тоғызыншы орында.
Бас классификацияда Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) көш бастап тұр. Екінші орында Ромейн Барде (Team DSM). Тадей Погачар (UAE Team Emirates) үздік үштікті жабады.