Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында жаңа құрамдағы депутаттар корпусына нақты міндеттер қойды.
Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар мен міндеттер ел тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі жақсарта түсуге бағытталған.
Жаңа әлеуметтік кодекс тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталса, атаулы әлеуметтік көмек қоғамдағы мұқтаж жандарды қолдауға арналған.
Әсіресе, жастарға салынатын инвестицияны маңызды факторға айналуы тиіс. Өйткені әлем білімге бет бұрып келеді. Бұл – шындық. 2050 жылдың нарығын бүгінгі балалар мен жастар құрайды. Өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігі еліміздің әл-ауқатын жақсарта түспек.
Сонымен қатар Президент Парламенттің ел игілігі үшін жұмыс жасайтындығына сенім білдірді.
Айгүл Туркина,
қоғам қайраткері,
«Қоғамдық келісім» КГУ директорының орынбасары,
Орал қалалық мәслихатының депутаты