14.09.2021, 9:39
Оқылды: 67

Әлем чемпионатына баруы мүмкін

Осыдан бірер күн бұрын Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында қазақ еліне бокс өнерін әкелген Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық жарыс мәреге жетті.

241801679_1779492852246869_4574362580373711854_n - копия

Осы байрақты бәсекеде ел чемпионы, биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Даниал Сәбит жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. Бокстан Батыс Қазақстан облысының аға бапкері Саттар Сұлтанғалиевтың сөзіне қарағанда, Даниал енді елішілік іріктеуде шашасына шаң жұқпаса, алдағы қазан айында Сербияның астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатына баруы ықтимал.

Әрдайым саған сәттілік серік болсын, Даниал!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале