Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлімханұлы титул үшін канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген және қазақстандыққа тиесілі WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуіне қауіп төнді. Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын әуелі екі рет нокдаунға жіберіп, кейін нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғаса, Стивен Батлер мансабында төртінші рет жеңіліске ұшырады. Әлімханұлы екінші рет титулын қорғап қалды.