Отандасымыз 500 метр қашықтықта 34,52 секунд нәтижесін тіркеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жазды.

Сурет: gov.kz
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медальді польшалық Марек Каниа жеңіп алды – 34,76 секунд.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Әлем кубогы кезеңінде алтынды 2011 жылы командалық спринтте жеңіп алған еді.
Фото: Сали Сабиров