2.10.2025, 21:00
Оқылды: 85

ALEM.AI орталығы қашан ашылады

«ALEM.AI» жасанды интеллект орталығында түрлі халықаралық компаниялардың өкілдігі болады. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі міндетін атқарушы Ростислав Коняшкин айтып берді.

Artificial intelligence progress of AI brain in machine deep learning innovation, internet of things. Coding process with neural network and dataset, futurism. 3d render animation.

Фото: pixabay 

Министрлік өкілі бүгін орталықтың техникалық ашылуы өткенін атап өтті.

– Қазіргі уақытта орталықтың іші толықтырылып жатыр, кеңселер мен компаниялар біртіндеп көшіп жатыр, – деп түсіндірді Р. Коняшкин Digital Bridge 2025 форумының кулуарында.
Сондай-ақ ол Telegram желісінің ALEM.AI базасында зертхана ашатынын еске салды.

– Бүгін Павел Дуров (Telegram негізін қалаушы – ред.) блокчейн технологиясына негізделген орталықсыздандырылған ЖИ қолдау жүйесіне барынша көбірек елдерді тарту жоспарланып отырғанын айтты. Ал біз, Қазақстан, бұл бастамаға алғашқылардың бірі болып қосылдық. Бізге ел ретінде бірлескен даму мен серіктестік тұрғысынан сенім артқаны үшін Павелге алғысымызды білдіреміз, – деді Ростислав Коняшкин.
Спикер ALEM.AI халықаралық орталығы биыл жыл соңына дейін ашылып, толыққанды іске қосылатынын жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале