27.07.2022, 15:45
Оқылды: 46

Әлемде тағы рецессия болуы мүмкін – Халықаралық валюта қоры

Халықаралық валюта қоры жаһандық экономика дамуы жөніндегі алдағы екі жылға арналған болжамын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

6

Болжамның нашарлауына себептердің бірі — инфляцияның қарқынды өсуі және соның салдары ретінде Орталық банктердің саясатты қатаңдатуы.

ХВҚ базалық мөлшерлемені көтерудің экономикалық тұрғыда теріс әсері болатыны сөзсіз, бірақ оны кешіктірудің салдары одан да ауыр болар еді деп атап өтті.

- Әлемдік экономика пандемия, Ресей мен Украинадағы жағдайдан әлі қалпына келген жоқ. Қазір біз жағымсыз әрі белгісіз перспектива алдында тұрмыз. Жаһандық өндіріс өсімі биыл 3,2%, келесі жылы 2,9% төмендейді деп отырмыз, ал инфляция керісінше дамыған елдерде 6,6% және нарығы енді қалыптасып жатқан және дамушы елдерде 9,5% жоғарылайды деп қайта қаралды. Әлемнің ең ірі үш экономикасы — АҚШ, Қытай, Еуропа тығырыққа тірелді, — деді ХВҚ бас экономисі Пьер-Оливье Гуринша.

ХВҚ пандемияға байланысты әлемдік рецессиядан екі жылдан кейін дүние жүзінде тағы да рецессия болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ресейдің жалпы ішкі өнімі құлдырайды деген болжамына қатысты биылғысын -6% деңгейіне дейін жақсартты, бірақ ендігі жылға болжам нашарлап отыр —3,5%.

Бұл ресейлік сарапшылардың ең негативті болжамына сәйкес келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале