Аргентина билігі жаппай іс-шараларға бару үшін санитариялық рұқсатнама енгізеді. Таиланд ревакцинация мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқартады. Ұлыбританияда «омикрон» штамын жұқтырған алғашқы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвтоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Аргентина билігі жаппай іс-шараларға бару үшін санитариялық рұқсатнама енгізеді. Covid-19-ға қарсы толық вакцинациядан өкендігі туралы растау 1 қаңтардан бастап 13 жастан асқан барлық адамдардан талап етіледі.
Таиланд ревакцинация мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқартады. «Омикронның» жаңа штамымен күресте иммунитетті арттыру үшін тиісті шешім қабылданды. Ұлыбританияда «омикрон» штамын жұқтырған алғашқы науқас қайтыс болды.
Ұлыбритания Премьер-министрі «омикрон» штамынан туындаған ауру жеңіл түрде жүреді деген идеяны «біржола қоюға» және коронавирустың жаңа нұсқасының таралу жылдамдығына назар аударуға шақырды.
Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сәйкес пандемия басталғаннан бері АҚШ-та covid-19 расталған жағдайлардың саны 50 миллионнан асты, ауру салдарынан 797 916 науқас қайтыс болды. Инфекциялардың ең көп саны Калифорнияда - 5 169 348, Техас штатында – 4 394 772 тіркелді. Флоридада 3,75 миллионнан астам covid-19 жұқтыру дерегі расталды, Нью-Йорк штатында - 2,85 миллионнан астам, Иллинойс штатында - 1,9 миллионнан астам жағдай анықталған.
Кипр республикасы балаларға 5 жастан бастап вакцинация жүргізеді. 16 желтоқсанда 5-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы иммундау науқаны басталады. «Вакцинация барлық провинциялардағы Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен баланы қорғау орталықтарында жүргізіледі», - деді Денсаулық сақтау министрі Михалис Хадзипанделас.
Сонымен қатар министр 15 желтоқсаннан бастап «омикрон» штамы немесе SARS-CoV-2 басқа да жаңа мутациясы анықталған адамдарды міндетті түрде оқшаулау енгізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда жеке компаниялар ұйымдастырған Рождестволық іс-шаралар тоқтатылады.