27.09.2021, 11:12
Оқылды: 46

Әлемді аузына қаратқан Әлім Лондондағы байқауда бас жүлдені алды

Қазақстандық музыкант Англияның Лидс қаласында өткен беделді байқауда бас жүлде жеңіп алды. 23 жастағы пианист Әлім Бейсембаев үш жылда бір рет ұйымдастырылатын және талай таланттарға қанат бітірген халықаралық өнер додасында алтын медаль қанжығалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10

Әлім әлемнің түкпір-түкпірінен келген пианистерді шаң қаптырды. Одан кейінгі орындарда жапониялық өнерпаз екінші, израильдік музыкант үшінші орын алды. Бас жүлде Фанни Уотерман атындағы алтын медаль. Уотерман – 20 жылдық тарихы бар байқаудың негізін қалаушы әлемге әйгілі пианист.

Өткен жылы 100 жасқа келіп, қайтыс болған. Медальдан бөлек Әлім Бейсембаев 25 мың стерлинг фунты көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды және ең бастысы Warner Classics музыкалық лейблымен келісім-шартқа отырды. Еуропа бойынша турға шығу мүмкіндігі тағы бар.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале