Батыс Қазақстан облысы «Жастар Рухы» Жастар Қанаты және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының «Сарбаз болғым келеді» акциясы аясында Дубайда өткен SWAT Chellenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған БҚО ПД ЖҚАЖ инспекторы Құралай Қабырайқызы және 5517 әскери бөлімінің арнайы жасақтарымен «Orta – yurta» коворкинг орталығында кездесу өтті.
Жастарды кәсіби дамуға ынталандырып, олардың әлеуметтік және кәсіпкерлік белсенділігін арттыруды көздеген кездесуде арнайы жасақ өкілдері мен жастар арасында еркін диалог орнады. Кездесу барысында Құралай Қабырайқызының Дубайда өткен SWAT Chellenge халықаралық жарысындағы жеңісі мен тәжірибесі арқылы жастарға мотивация беру, олардың өз саласында жетістікке жету жолдары мен стратегиялық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған сұхбат өрбіді. Сонымен қатар, жастарға күрделі жағдайлардан шығу жолдары мен мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды меңгеру туралы пайдалы кеңестер берілді.
Соңғы кезде талқыға түсіп жүрген әскерге бару тақырыбында ой қозғалып, жастарға жаңа серпін беріліп, кездесуге шақырылғандар Отан алдындағы борыштарын өтеудің маңыздылығын айқындай алды. Әскери қызметтің қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмыс барысын жастарға насихаттап, елімізге қызмет етуге шақырды.
Зарина Каирова
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы