Times Higher Education (THE) әлемнің үздік жоғары оқу орындарының жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сурет: vesti.bntu.by
Оған Қазақстанның төрт университеті кірген.
Биыл рейтингте 115 елден 2000-нан астам оқу орнының арасында 23 қазақстандық ЖОО ұсынылған. Биылғы нәтижелер жоғары білім берудегі маңызды өзгерістер мен тенденцияларды көрсетеді.
Назарбаев университеті бірнеше қатарға көтеріліп, үздік 600 оқу орнының қатарына енген. Университет әсіресе «Білім беру» санатында 251-300 диапазонында ерекшеленді, бұл оның осы саладағы мұғалімдерді даярлау мен академиялық зерттеулердегі көшбасшылығын көрсетеді.
Былтыр 1201-1500 диапазонында жайғасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биыл позициясын жақсартып, 1001-1200 диапазонына көтерілді. «Оқыту» және «Халықаралық көзқарас» санаттарында айтарлықтай жақсартулар байқалды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1201-1500 диапазонында позициясын сақтап қалды, «Оқыту» және «Дәйексөздер» санаттары бойынша бағалауда аздаған өзгерістер болды.
Өткен жылы 1501+ диапазонында болған Satbayev University де позициясын сақтаған, алайда «Халықаралық көзқарас» санаты бойынша көрсеткіштерді жақсартты.
Университеттердің ең беделді әлемдік рейтингтерінің бірі болып саналатын THE рейтингі жоғары оқу орындарын төрт негізгі өлшем бойынша бағалайды: білім сапасы, ғылыми зерттеулер, дәйексөз және халықаралық ынтымақтастық.