8.08.2024, 13:00
Оқылды: 83

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс-тіршілігімен танысып жатыр

Ақмола облысында «Nomads camp 2024» халықаралық скауттар слетінің салтанатты ашылуы өтті. Әзербайжан, Жапония, Ресей, Германия, Нидерланды, Филиппин, Пәкістан, Оңтүстік Корея, АҚШ және Швеция сияқты 10 елдің отрядтары табиғатта бос уақытын өткізуге келді. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

85FD04DA-3CA8-489F-B94A-5401A709694A

Фото: министрліктен

Кездесудің негізгі идеясы – жастардың мәдениетаралық диалогын құру үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және басқа мемлекеттерден келген скауттарды бір шаңырақ астына біріктіру.

Бір апта бойы скауттар көшпенділер салтымен өмір сүреді. Ең алдымен командалар киіз үйлерді өздері орнатуы керек. Жеті күн ішінде олар қазақ ұлттық тағамдарының, бүркіт өнері мен халық қолөнерінің негіздерін меңгереді.

54815707-DB8F-4D58-B8A6-B4AF2BA61C66

Сонымен қатар этно-лагерь тұрғындары үшін кедергілер жолағы, арқан саябағы, өрмелеу алаңы, садақ ату сабақтары және ұлттық ойындар дайындалды.

1A8FABA4-947D-4ABD-BA06-0F6C6EA431F2

Бағдарламада қатысушы елдердің интерактивті алаңдары қарастырылған, онда әр команда өз Отанының мәдениетін таныстырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале