Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды. Ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны болып саналады, сондай-ақ, әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сурет: longeviquest.com
Longeviquest басылымы жазғандай, ол 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.
Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атады — алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа соны жеген.
Ол өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрды.