Warning: session_start(): open(/tmp/sess_7t3c0ue4q5p335oacrml4k8huf, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Әлеуметтік-еңбек саласының қызметтерін цифрландыру 717 миллион теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді - официальные новости ЗКО
21.02.2024, 12:15
Оқылды: 200

Әлеуметтік-еңбек саласының қызметтерін цифрландыру 717 миллион теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін цифрландыру бойынша жүргізген жұмыс республикалық бюджеттен 717 миллион теңгеден астам әкімшілік шығысты үнемдеуге мүмкіндік берген.

ЖП АҚША

Соңғы деректер бойынша әлеуметтік-еңбек саласында 27,3 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 24,4 милоионы электрондық түрде, оның 1,4 миллионы проактивті көрсетілді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласындағы 50 мемлекеттік қызметтің 48-і электрондық түрде, оның ішінде 30-ы проактивті форматта қол жетімді.

Министрлік процестерді жеңілдету және жаңа тәсілдерді енгізу арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын үнемі жақсартып отырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале