24.02.2024, 16:00
Оқылды: 25

Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы 1,2 пайызға өскен

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, жылдық мәнде 1,2% өсті, деп хабарлады деп хабарлайды Kazinform Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

ЖП Азық-түлік

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кей тауарлардың орташа бағасы:

Сиыр еті — 2523 тг/кг

Айран 2,5% — 416 тг/л

Сәбіз — 170 тг/кг

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале