11.11.2022, 9:16
Оқылды: 50

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 20 пайызға қымбаттады

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға 0,2%-ға, жыл басынан бері 20,7 %-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

6

Жылдық мәнде олар 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайыздық тармаққа жоғары.

Өткен апта ішінде арзандаған:

Сәбіз – 0,7%

Қант – 0,2%.

Өткен апта ішінде қымбаттаған:

Жұмыртқа, І санат – 1,6%

Пияз – 0,7%

Орамжапырақ – 0,6%.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 8 қарашаға/:

Рожки – 294 тг/кг

Сиыр еті, жауырын-төс бөлігі – 2279 тг/кг

Айран 2,5% – 349 тг/литр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале