29.03.2017, 14:00
Оқылды: 40

"Әлеуметтік салада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту қажет"

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілдерімен кездесті.  Кездесуде өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту, мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру, әкімшілік кедергілерді төмендету және бизнеске несие қаражаттарының қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz

Кеңес барысында БҚО Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы, «Конденсат» КТ консорциум кеңесінің төрағасы В. Джунусов, БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Қайыршин, «Шағын бизнес орталығы» Қауымдастығы» ЗТБ директоры Ш. Махмұдова, «Квант» ЖШС директоры Д. Пшеничный, «Аlageum Electric» АҚ қадағалау кеңесінің төрағасы С. Қожабаев, «ҚазАрмаӨнеркәсіп» ЖШС директоры С. Качало сөз сөйледі.

Премьер-Министр Үкімет жұмысы еліміздің экономикалық өсімінің қозғаушы күшіне айналуға тиісті бизнес ұстанымдарын нығайтуға негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, елімізде шығындарды қысқарту, қайта реттеу, сонымен қатар кәсіпкерлерге қаржылық әрі заңнамалық қолдау көрсету бойынша шаралар кешені іске асырылуда.

- Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мен ондағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда отандық жиһаз және жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінен өнімді сатып алу жұмыстары ретке келтірілді - деді Б.Сағынтаев.

Кездесуді қорытындылаған Премьер-Минстр қатысушылардың назарын мемлекеттік-жекешелік әріптестікті, әсіресе, әлеуметтік салада дамытудың маңыздылығына аударды. Оның сөзінше,  агроөнеркәсіп кешені саласында отандық тауарларға жаңа нарықтарды игеру мен экспорттық өндірісті дамыту қажет.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале