24.02.2022, 16:00
Оқылды: 31

Әлеуметтік желіде «Халықтық IPO» бағдарламасының фейк жарнамасы таратылуда

Әлеуметтік желілерде күніне 65 000 теңгеден табыс табуға болатыны туралы «Халықтық IPO» бағдарламасының жарнамасы таратылуда. Бұл – алаяқтардың ісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

5

Жарнамалық баннерде ҚР Президентінің фотосуреті және оның «Халықтық IPO» бағдарламасының кеңейтілуі туралы дәйексөзі жазылған, онда ол елдің ұлттық байлығы халыққа тиесілі екенін айтылған. Мемлекет басшысы бұл туралы 2021 жылы айтқан болатын. Сол кезде ол «Халықтық IPO»-ды қайта бастауды тапсырды

Бүгінгі күні бағдарлама қайта қолға алынбақ, бірақ оған әлі қатысуға болмайды.
Әлеуметтік желілерде таратылған жарнаманың бағдарламаға ешқандай қатысы жоқ екенін «Самұрық-Қазына» қоры да растады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекешелендіру жоспары шеңберінде ІРО-ға шығаруға жататын ірі компаниялардың акционері ретінде «Самұрық-Қазына» қоры фейк ақпаратта ұсынылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Әзірше қор нарығына «Эйр Астана» және «ҚазМұнайГаз» компанияларының бағалы қағаздарын шығару жоспарланып отыр. Бұл компаниялардың акцияларын қор нарығына орналастырудың нақты күндері әлі белгіленген жоқ және бұл капитал нарықтарындағы нарықтық конъюнктураға және компаниялардың жағдайына байланысты. Бұл ретте қор нарығына шығару жоспарланып отырған ұлттық компаниялардың акциялары бойынша кірістілік нарық конъюнктурасымен айқындалатынын ерекше атап өтеміз, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.

Баршаңызды ақшалай сыйлықтар немесе қомақты ақшалай сыйақылар ұсынылған күмәнді жарнамалар мен хабарламаларға сенбеуге шақырамыз. Көп жағдайда мұндай хабарландырулар кибералаяқтардың немесе қаржы пирамидаларын құрушылардың әрекеттері болып табылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале