20.11.2020, 9:40
Оқылды: 5

Алға, «Ястребы»!

БҚО әкімдігінің және ҚР шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі негізінде (Мұз спорт сарайы) жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау мақсатында облыстық «Ястребы» командасы құрылды.

F8CEA4EC-AB36-4D66-9283-D362B0F81AE4

БҚО қысқы спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тұрарбек Алтынбекұлының айтуынша, аталмыш команда биыл қазан айының аяғында құрылып, шайбалы хоккейден еліміздің чемпионатына қатысуда. Жастар құрама командасының сапында дені 16-20 жас аралығындағы 24 хоккейші бар. Олардың арасында өзіміздің облыстан үш хоккейші болса, Ресейден төрт легионер қабылданды, қалғандары еліміздің аймақтарынан шақырылған ойыншылар. Қарашаның басында және 16-17-сі күндері өткен еліміздің чемпионатында біздің команда Көкшетаудың «Арлан», Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» және Өскеменнің «Торпедо» командаларымен сынға түсіп, тым тәуір ойын нәтижесін көрсетті. Бүгінгі таңда «Ястребы» командасы 11 ұпаймен чемпионаттағы турнир кестесінің екінші сатысында келеді.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале