26.03.2025, 10:00
Оқылды: 96

Алғашқы жүлде қоржында!

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші медаль түсті, деп жазады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

95f054617f4bb4f373e71dcc1de5ce97_1280x720

Сурет: gov.kz 

 

Грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Ибрагим Магомадов жергілікті балуанды тізе бүктіріп тұғырдан орын алды.

Бірінші кезеңнен кейін 0:3 есебімен ұтылып жатқан жерлесіміз, белдесудің екінші жартысында төрттағанда қарсыласынан айласын асырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале