Елімізде көктемнің алғашқы күнінде көктем мезгіліндегі айтулы мерекелердің бірі Алғыс айту мерекесі тойланады. Бұл мереке, мейірімділіктің бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы. Ел бірлігін нығайтқан бұл мерекенің басты мақсаты ел аумағында тұратын 130 дан астам ұлт өкілдерін жақындастырып, бір-біріне деген құрметін арттыру. Еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне өз қонақжайлығын танытып қиын қыстау кезеңде иық тіреп сүйеу болған қазақ халқының интернационалдылығы көпке үлгі десек те артық етпес. Ал, бүгінде еліміздегі әрбір құрылымда да, ынтымақтастық пен бауырмалдылық қасиеттері сақталған. Солардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімі. Еліміздің қорғаны бола білген Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде бүгінде өзге ұлт өкілдері Отан алдындағы борыштарын өтеуде. Атап айтар болсақ, қазақ, орыс, татар, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, ұйғыр ұлт өкілдері. Ел қорғаны бола білген бұл әскери бөлімде де алғыс айту күні ерекше аталып өтеді. Осы орайда біз 5517 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздардың кімдерге алғыс айтатынын біліп келдік.
Ең алғашқы болып өзінің ыстық ілтипатын білдірген 5517 әскери бөлімінің атқыштар ротасының сарбазы қатардағы Армединов Саид Савердинұлы (Ұлты ұйғыр).
- Барлығымыз білетіндей Қазақстан халқының асыға күтетін мерекелерінің бірі бұл алғыс айту күн. Тоғызыншы рет аталып өтіліп жатқан бұл мереке еліміз үшін жарқын мейрамдардың бірі болып есептеледі. Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдылығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші десем артық айтқаным емес. Көктемнің жайма шуақ жылуымен тұспа тұс келген бұл мереке қарсанында мен өз алғысымды әрқашан менің жанымда демеу беріп қолдап жүрген ата-анама, достарыма айтқым келеді. Қиын уақытта тыңдап көмектесіп, қолдау мен қамқорлық көрсеткеніне шын жүректен алғыс айтамын. Әрдайым менің жағдайымды ойлап, ешбір жерде жалғыз тастамай осы күнге жеткізген ата-анама шын жүрегімнен өз алғысымды білдіремін.
Кезекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Туғалов Фарух Ғасыржанұлы (Ұлты тәжік).
- Осыдан тоғыз жыл бұрын елімізге жаңадан бір ерекше мереке пайда болған. Ол халқымыздың ынтымық-бірлігін айғақтайтын ерекше күн-алғыс айту мерекесі. Жыл сайын 1 наурыз күні аталып өтетін бұл мейрам қиын қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айту күні. Алғыс айту- бұл адамның жүрегіне ерекше жылулық сыйлайтын керемет қасиет, адамгершіліктің жоғарғы көрсеткіші. Жыл сайын бұл аталмыш мерекенің тарихы жаңа оқиғалармен толықтырылады. Сондықтанда уақыт өте келе бұл мереке халқымыздың асыға күтетін сүйікті мерекелерінің бірі болды. Бұл күні көптеген адамдар, ел тарихын есіне алып, тәуелсіздігімізді қасық қаны қалғанша бермеген ата-бабаларына алғыс айтады. Сонымен қатар, адамдар бір-біріне ата-аналарына балаларына алғыс айтып жылы естеліктерін естеріне алып бір шаңырақ аясында жиналып уақыт өткізеді. Менде осы мереке қарсанында өзімнің жылы лебіздерімді балалық шағымды бірге өткізге достарыма сыныптастарымен айтқым келеді. Жастық шағымның жылы естелігі болған адал достарым, мені әрбір қиын кезеңде жалғыз тастамай, қолдау көрсетіп биік белестерге шығарды. Әрдайым жанымда демеу болып өмір атты ұзын жолды серігім болып қазіргі уақытқа дейін бірге жүр. Сендерге және сендердің ата-аналарына деген алғысым шексіз.
Келесі кезекте 5517 әскери бөлімінің атқыштар ротасының сарбазы қатардағы Камалов Юсуф Нұрланұлы (Ұлты ұйғыр)
- 1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың үлгі өнегесіне айналды. Сондай-ақ, бұл күн еліміздің тарихындағы елеулі күн болып есептелетіні бәрімізге мәлім. Себебі, осындай айтулы мерекенің арқасында еліміздің бірлігі бекемденуі мен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымыз жаңа белеске жетеді. Бұл күн жақсылықты бағалауға, көптеген ұлт өкілдері арасында сыйластық пен татулықты арттырады. Ендеше мен, өзімнің отан алдындағы борышымды өтеп жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517 әскери бөлімінің жеке құрамына алғысымды білдіргім келеді. Менің жауынгерлік қызметімді артырып, отан алдындағы борышымды өтеуге өз септіктерін тигізгендері үшін бар жақсылықты тілеймін. Еліміздегі тыныштық пен үндестікті, өзара сенім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүргендері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Осындай ізгі тілектердің арқасында, адамдар бір-біріне мейірімділік білдіріп, қадам жасаған сайын еліміздегі ынтымақтастық күшейе береді. Осылайша алғыс айту күні ел тарихында өзінің ерекше жылулығын қалдырып жүрген керемет мерекелердің бірі болады. Бізде бүгінгі жас сарбаздардың ізгі тілектерін қабыл алушы ата-ана, туған-туыс, достары қуанышты екеніне кәміл сенеміз. Осы орайда біз «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамы, ел тыныштығының қалқаны болып жүрген Ұлттық ұланның әрбір қызметкеріне өз алғысымызды айта отырып, отбасыларына бақыт, шаңырақтарына шаттық, ата-аналарына зор денсаулық, ел игілігі үшін атқарып отырған қызметтеріне табыс тілейміз.
Манарбек Бақдәулет,
лейтенант