28.02.2025, 15:45
Оқылды: 634

Алғыс айту күні және Партия күні қарсаңында «AMANAT» партиясында үздік бастауыш партия ұйымы мен үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауы қорытындыланды

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастауыш партия ұйымдары партияның негізгі тірегі екенін атап өтті. Олар партияның қоғамдағы беделін қалыптастырады. Халық сұранысына алғашқылардың бірі болып үн қатып, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, партиялық жобаларға белсенді қатысып, мемлекеттік бастамаларды түсіндіру жұмысын жүргізеді. Ал партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түсетін өтініштер саны жыл санап артып келеді. Бұл азаматтардың «AMANAT» партиясына деген жоғары сенімінің жарқын көрінісі.

WhatsApp Image 2025-02-28 at 16.57.17 (1)

Аталған жиында облыстық филиал қоғамдық қабылдау бөлмесі “Үздік мобильді қоғамдық қабылдау” аталымын жеңіп алды. 2024 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен 7190 өтініш тіркелді. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен азаматтардың мәселесін оң шешу 2024 жылы 76% құрайды. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен мемлекеттік атқарушы орган басшыларымен және құқық қорғаушылар тарапынан 1664 қабылдау өткізіліп, 3392 азамат қабылданды.

Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесі жыл ішінде облыс орталығында, 12 аудан орталықтарында, сонымен қатар аудандарға қарасты шалғай ауылдарда, елді мекендерде мобильдік қабылдаулар өткізді.

WhatsApp Image 2025-02-28 at 16.57.18

Кездесуде БПҰ-ның оң тәжірибелері атап өтілді. Батыс Қазақстан облысындағы «Ақсайгазсервис» бастауыш партия ұйымы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнап өз қаражаты есебінен 42 тұрғын үй салды. Атырау облысындағы белсенділер ұзындығы 21 шақырымды құрайтын бөгет тұрғызып, өңірді су басудан сақтап қалды. Мұндай мысалдар БПҰ-ның жоғарыдан нұсқау беруді күтпестен, қиын жағдайда адамдарға әрдайым көмекке келуге дайын нақты күш екенін дәлелдейді.

Іс-шарада “Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы” бастауыш партия ұйымы ІІ санатта кәсіпорындар арасында ІІІ орынды жеңіп алғаны белгілі болды.

WhatsApp Image 2025-02-28 at 16.57.17

“Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы” бастауыш партия ұйымы 2016 жылдан бері жұмыс жасайды. Құрамында 114 партия мүшесі бар. Кәсіпорын ұжымы қоғамдық жұмыстарда белсенді, әрі партиялық жобаларды қарқынды ұйымдастырушылар қатарында. Оның ішінде “Ардагерлерді ардақтайық”, “Кедергісіз келешек”, “Бақытты отбасы”, “Таза бейсенбі” жобалары мен акцияларында белсенділік танытып келеді.

Зарина Каирова,

«AMANAT» партиясы БҚО филиалы баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале