Бүкіләлемдік бокс ұйымы WBO бойынша орта cалмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз титулын қорғау үшін алғашқы айқасқа түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Boxing Scene сайтына сілтеме жасап. Бүкіләлемдік бокс ұйымы WBO бойынша орта cалмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз титулын қорғау үшін алғашқы айқасқа түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Boxing Scene сайтына сілтеме жасап.
Бұрын-соңды жеңіліс таппаған Жәнібек Әлімханұлы ағылшындық боксшы Дензел Бентлимен 12 қарашада ESPN+ негізгі оқиғасының 12 раундында бақ сынасуға келісті. Тікелей эфир Лас-Вегастан көрсетіледі. Бентли WBO тұжырымы бойынша 160 фунт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын алуға үміткерлер арасында 14-ші орында тұр. Ал қазақстандық спортшы WBO белбеуін қорғауға міндетті емес. Өйткені ол 21 мамырда Лас-Вегаста өткен Resorts World аренасында жекпе-жектің екінші раундында ағылшыншық Дэнни Дигнумды соққыға жығып, айқын жеңіске жетті.
Алайда қазақстандық чемпион 12 қараша күнгі шоуға Top Rank-тің хедлайнері ретінде Оскар Валдестің орнына шықпақ. WBO тұжырымы бойынша кіші салмақтағы бұрынғы чемпион мексикалық Вальдес (30-1, 23 КО) жақында алған жарақатына байланысты қаңтар айына дейін демалып, жекпе-жекті кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
29 жастағы Әлімханұлы (12-0, 8 КО) төрт ай бұрын Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBO уақытша титулына қол жеткізді. Содан кейін аралық белгі Әлімханұлының чемпиондығынан алынып тасталды. Себебі бұрынғы WBO 160 фунт салмақтағы чемпионы Деметриус Андраде келесі Әлімханұлымен жекпе-жек өткізбей, 168 фунт супер орта салмақтағы шекке көтерілуді шешті.