19.12.2023, 14:44
Оқылды: 28

Әлихан Смайлов: «Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады»

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

IMG_20231219_143638_661

Биыл 16 халықаралық маршрут ашылды және қайта жанданды.

Келесі жылы Куала-Лумпур, Сингапур, Токио және басқа қалаларға жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр.

Оған қоса әуежайлардың инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді.

«Осы салаға келген жеке инвесторлар қазірдің өзінде әуежайларды дамытуға $2,1 млрд-қа жуық қаражат салды. Атап айтқанда, Алматыда перронды күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ жүктерді өңдеу рәсімдерін жетілдіру шаралары қолға алынды. Шымкентте жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Астанада БАӘ-ден келген компания ұшу-қону жолағын реконструкциялауды, карго-терминалын кеңейтуді жоспарлап отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса бұл салада шұғыл шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелер жоқ емес. Атап айтқанда, негізгі мәселенің бірі – авиаотын тапшылығы, ол жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды.

«Мәселені шешу үшін отын жеткізу каналдарын әртараптандырып, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет», — деді Премьер-Министр.

Тағы бір өзекті проблема – саланы кадрлармен қамтамасыз ету. Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді.«

Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады. Оған қолайсыз ауа райы ғана себепші емес. Сондықтан әуе компаниялары жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажет», — деді Үкімет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале