«Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар алқабилердi iрiктеу процесiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз етеді.
Алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасау процесінің аяқталуына байланысты 2021 жылғы 25 қазан мен 4 қараша күндері аралығында облыс орталығында тұрақты тұратын азаматтар осы тізіммен мына мекен-жай бойынша танысуға болады:Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179, 1-қабат 107-бөлме. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі.
Аталған тiзiмдегi қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштер осы мерзім ішінде жоғарыда көрсетілген мекен жайда қабылданады.
Телефон 50-93-37/24-10-89
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты