Сырым аудандық сотында жеке кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз не хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әрекеттер жасау) бойынша әкімшілік іс қаралды, - деп жазады БҚО соттарының ресми сайты.

Іс материалдарына сәйкес, жоспарлы тексеру жүргізу барысында Сырым ауданы Жымпиты ауылында орналасқан жеке кәсіпкердің дүкенінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату дерегі анықталған. Атап айтқанда, сатылымда көлемі 0,5 литр болатын «Қазақстан» коньягының бір бөтелкесі және көлемі 0,5 литр болатын «Зелёная марка» арағының үш бөтелкесі болған.
Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 137 620 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.