27.08.2024, 9:30
Оқылды: 179

Алмат Кебіспаев: «Демеу 35 жасқа келсе де, Олимпиададан жүлде алуға болатынын дәлелдеді»

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі, бес әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың жеңісі туралы пікірін айтты, деп жазады Olympic.kz. 

FAFE0E6C-E3A2-4937-B5A9-99553BCC81F5

Фото: Тұрар Қазанғапов / Olympic.kz

«Бізде жас спортшыны әлі жас деп, шетке ысырады. Жасың біразға келіп қалса, сені қартайғандардың қатарына жатқызады. Ал Демеу болса, ешқандай шектеудің жоқ екенін дәлелдеді.

35 жасқа аяқ басса да, төзім мен еңбектің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Яғни, көп адамның сөзін елемей, еңбектеніп, сеніп, алға басу керек. Демеу бауырымыз осыған нағыз үлгі бола алады.

Кім лайық болса, жасына да, басқасына да қарамастан, ірі жарыстарға бару керек», - деді Кебіспаев.

Естеріңізге сала кетейік, Демеу Жадыраев Париж ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміс медаль иеленген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале