Күз және қыс маусымындағы тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралу қаупіне байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: pixabay.com
Қазір шаһар бойынша 186 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп тұр. Шақыртулар көбейсе, олардың санын 200-ге жеткізуге мүмкіндік бар. Стационарларда 450-ден астам орын дайын тұр.
– Қажет жағдайда тағы 90 орын жабдықтауға болады. Ауруханалар да жедел ем шараларын жүргізуге дайын, - деді басқарма мамандары.